Тайваньда кран пойыздың жолына құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайваньда кран пойыздың жолына құлады

12.05.2023

Тайваньда кран аспалы метро жолынан өтіп бара жатқан пойыздың үстіне құлаған. 1 адам қаза тауып, 10 жолаушы жараланды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға аралдың батысындағы Тайжунь қаласында болды. Соққыдан вагонның есік-терезелері қирап, орындықтары ұшып кеткен. Дегенмен соңғы мәліметтерге қарағанда теміржолдың зақымданған бөлігінде көп ұзамай жолаушылары тасымалы қайта жалғасты. Ал кранның неліктен құлағаны белгісіз.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу