Нұр-Сұлтан орталығында кран құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан орталығында кран құлады

28.10.2020

Нұр-Сұлтан орталығында кран құлап кетті. Оқиға сағат күндізгі 2-лер шамасында Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында болды. Мұнара кранының бөлшегі КамАЗ бортынан түсіп қалған. Жүк көлігі Жағалау шағын ауданы жақтан келе жатқан. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Дарын Сағитов 


Нұр-Сұлтан кран

Хабарламаларға жазылу