Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады

14.06.2022

Кеше қатты желден елордада құрылыс краны құлады. Оқиға шамамен кеше кешкілік Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесі қиылысында болды. Абырой болғанда, алдын ала дауылды ескертуден кейін «Sen» тұрғын үй кешенінде құрылыс тоқтап тұрған. Ал кран пайдаланылмай, бұзуға дайындалып жатқан. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, кран екпіні секундына 20-25 метр желдің әсерінен құлаған.


Хабарламаларға жазылу