Тайваньда 7,2 балдық жер сілкінісінен 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайваньда 7,2 балдық жер сілкінісінен 4 адам қаза тапты

03.04.2024
0:00:00
0:00:00

Бүгін таңертең Тайваньда болған 7,2 баллдық жер сілкінісінен 4 адам қаза тапты. 27 тұрғын жараланған. Бұл - Тайваньда соңғы 25 жылда болған ең қуатты жер сілкінісі. Оның салдарынан Тайпэйдің бірнеше ауданында жарық өшіп, Жапония мен Филиппиннің оңтүстігіндегі аралдарда цунами қаупі жарияланды. Алайда, көп кешікпей бұл ескерту доғарылған. Жер сілкінісінің эпицентрі Тайванның шығыс жағалауында орналасқан Хуалиен округінде анықталған. Онда алапат лай көшкіні басталды деген мәлімет бар.

Хабарламаларға жазылу