Алматы облысында мұнаралы кран газ құбырының үстіне құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында мұнаралы кран газ құбырының үстіне құлады

28.06.2022

Алматы облысында мұнаралы кран газ құбырының үстіне құлады. Салдарынан жол бойындағы көлік қозғалысы тоқтап қалды. Сондай-ақ, апаттан маңайдағы көліктерге зақым келді.

Оқиға Алматы облысындағы Жібек жолы ауылында болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Бірақ жолаушылар айналаға газ иісі қатты тарап жатқанын айтады.

Әзірге оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Хабарламаларға жазылу