«Реал Мадрид» 1-1 «Манчестер Сити» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Реал Мадрид» 1-1 «Манчестер Сити»

10.05.2023

UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалдық ойындары басталды. Өткен түнде Испанияның «Реал Мадриды» мен Ангиялның «Манчестер Ситиі» кездесті. Қос команда былтырғы Чемпиондар лигасының жартылай финалында да матч өткізген. Екі ойынның нәтижесімен «Реал Мадрид» финалға жолдама алған еді. Кешегі кездесудің бірінші таймында алаң иелері белсенді болды. Ойынның 36-нщы минутанда Винисиус Жуниор қарсыластардың қақпасына алғашқы голды салды. Ал, екінші таймның ортасында «Манчестер Сити» сапынан Кевин Де Брёйне таразы басын теңестірді. Осылайша, ойын тең аяқталды. Командалар қарымта ойынды 17 мамырда өткізеді. Ал, бүгін түнде италиялық қос клуб жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. «Интер» мен «Милан» кездесуін 00:50-де «Қазспорт» телеарнасынан көре аласыздар.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу