Чемпиондар лигасы: Реал Мадрид финалға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпиондар лигасы: Реал Мадрид финалға жолдама алды

05.05.2022

УЕФА чемпиондар лигасының жартылай финалдық кездесулері аяқталды. Реал Мадрид өз алаңында Манчестер Сити командасынан 3:1 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.

Алғашқы ойында ағылшын командасы 4:3 есебімен жеңіске жеткен. Тартысқа толы қарымта кездесуде де басымдық Гвардиола шәкірттерінде болды. Ойынның 73 минутында Рияд Марез есеп ашып, Манчестер Ситиді ақтық сынға бір қадам жақындатқан. Бір жарым сағат бойы қарсылас қақпасынан саңылау таба алмаған мадридтік Реал матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда таразы басын теңестіріп үлгерді. 90-шы минутта қосалқы құрамнан шыққан Родриго Бенземаның пасынан кейін допты қақпаға жіберсе, араға бір минут салып екінші голдың авторы атанды. Ал овертаймда Реалдың капитаны Кәрім Бенземаға қарсы айып алаңында ереже бұзылды. Сұрмерген пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Осылайша Карло Анчелотти командасы екі ойынның қорытындысы бойынша 6:5 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Енді олар 28 мамыр күні Париждегі «Стад де Франс» стадионында Ливерпульмен ойнайды. Қос команда 2018 жылы чемпиондар лигасының финалында кездесіп, испаниялықтар жеңіске жеткен болатын.


Хабарламаларға жазылу