Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өткен командалар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өткен командалар анықталды

03.11.2022

Уефа Чемпиондар лигасының топтық туры аяқталып, плей-офф кезеңіне өткен командалар анықталды. Төрттіктен үздік шыққандар: Мюнхендік клуб «Бавария», «Челси», «Тотенхем», «Манчестер сити», «Наполи», «Порту» мен «Бенфика» және королдік клуб «Реал Мадрид». Екінші орынмен: «Брюгге», «Боруссия Дортмунд», «Айнтрахт», Италиялық клубтар «Интер» мен «Милан», «Лейпциг», «Ливерпуль» және француздық «Пари Сен-Жермен» командалары жолдама алды. 1/8 кезеңінің жеребесі 7 қарашада өтеді. Сондай ақ спортсүйер қауымға ақжолтай ақпарат.

Футболдан әлем чемпионатын «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді. Төрт жылда бір өтетін дүбірлі доп додасы биыл қарашаның 20-да басталады. Біріншілік Қатардың 5 қаласында 8 стадионда өтеді. Трансляциялардан бөлек бір ай бойы тікелей эфирде арнайы бағдарламалар циклы ұйымдастырылады. Ал матчты жүргізетін комментаторлар мен ойындар кестесі жақын уақытта жарияланады.

 Дархан Рақымжан

Хабарламаларға жазылу