Чемпиондар лигасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпиондар лигасы

13.04.2022

Футболдан УЕФА чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан алғашқы екі команда белгілі болды. Кеше Сантьяго Бернабеу стадионында Реал Мадрид командасы лондондық Челсиді қабылдаған еді. Ойынның негізгі уақыты 3-1 есебімен ағылшындықтардың пайдасына аяқталды. Алайда қос ойынның нәтижесі бойынша есеп теңесіп, командалар кім мықтыны қосымша уақытта анықтады. Ойынның 95-ші минутында Реалдың капитаны Кәрім Бензема баспен гол соғып, командасын жартылай финалға сүйреді. Ал, Германияда өткен кездесуде сенсация тіркелді. Алғашқы матчта 0-1 есебімен жеңілген неміс машинасы – Бавария- Испанияның ВильяРеалымен тең ойнап, жарыстан шығып қалды. Осылайша испандық қос команда ең беделді клубтық бәсекенің жартылай финалына шықты.

Ал, бүгін екінші жартылай финалистер жұбы анықталады. Түнгі сағат 12-50 де Ливерпуль - Бенфика арасындағы матчты Қазақстан ұлттық арнасынан, ал Атлетико Мадрид - Манчестер Сити ойынын Қазспорт арнасынан тамашалацй аласыздар.

Хабарламаларға жазылу