Алматыда соғыс ардагері Николай Таратунин 100 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда соғыс ардагері Николай Таратунин 100 жасқа толды

03.05.2023

Ғасыр жасаған шекарашы. Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник Николай Таратунин 100 жасқа толды.

Мереке қарсаңында мерейтой иесіне құрмет көрсетілді. «Қызыл жұлдыз» орденінің екі дүркін кавалері, бірінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Құрмет» марапаттарының иегері 1941 жылы Отанды қорғау үшін майданға аттанады. Батыс, Сталинград, Украина майдандарында жанкештілікпен шайқасып, жерімізді басқыншылардан қорғайды. Николай Таратунин соғыстан соң Алматыдағы жаяу әскерлер училищесінің курсанты атанады. Оқуды жақсы аяқтап, Түркия, Иран, Қытай, Жапониямен шекаралас аймақтарда әскери қызметін өтейді. Бүгінде соғыс ардагері ұлымен бірге тұрады, үш немере, төрт шөбересі бар.

Марат Мажитов, «Застава тарландары» РҚБ Алматы қалалық филиалының төрағасы:

Шекарашылардан соғысқан осы Таратунин ғана қалды. Біздің шекарамызды күзеткен. Сол кезде білгірлігі, данышпандығы, күшін көрсетті. Ол кезде 20-дан асқан жасы,сол кезде жүріп, 3 бірдей орден алды. Әрбір орденнің өзінің құны бар.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу