Петропавл қаласының 3 тұрғыны сепаратизм бабымен тергеліп жатыр
Сепаратизм бабымен тергеліп жатқан Петропавл қаласының 3 тұрғынының мәлімдемесінде «Қазақстанның аумақтық тұтастығын бұзуды насихаттау» белгілері бар екені анықталды. Мұны Бас прокурор Берік Асылов депутаттық сауалға берген жауабында айтты. Ол психологиялық-филологиялық сараптама нәтижесі осыны көрсеткенін жеткізді. Сондай-ақ, Бас прокурор қылмыстық іс бойынша 3 фигурантқа қатысты Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 20 сәуірдегі қаулысымен 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау түріндегі» бұлтартпау шарасы санкцияланғанын еске салды. Тергеп-тексеру әлі жалғасып жатыр деді.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістан облысында тағы 34 елді мекенге газ беріледі
27.10.2026, 17:28
АҚШ Президенті елімізді Республика күнімен құттықтады
27.10.2026, 17:26
«Әділет» партиясы «Таза Қазақстанды» цифрландыруды ұсынды
27.10.2026, 17:25
Астанадағы жеңілдіктер науқаны бүгін аяқталады
27.10.2026, 17:23
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы қызметкерлерге арналған кітап алаңын ашты
27.10.2026, 17:22
Қытайда 80 млн-дай адам ит пен мысық асырайды
27.10.2026, 17:18
Сарапшы: Қазақстан этносаралық келісімнің озық моделін қалыптастырды
27.10.2026, 17:17
Эбола вирусын жұқтырғандар 10 мыңнан асты
27.10.2026, 17:16