Израиль мен Палестина бір-біріне оқ жаудырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль мен Палестина бір-біріне оқ жаудырды

03.05.2023

Бұл Палестинаның Израиль аумағына зымыран ұшыру сәті. Осыдан кейін бірден елдің Ашкелон тәрізді оңтүстіктегі қалаларында дабыл қағылды. Палестина тарапы ракеталарды Израиль түрмесінде Кадер Аднан есімді саяси тұтқынның қазасы үшін кек алу мақсатында жіберген. Бұл шабуылдан кейін Израиль ұшақтары де Газа аумағындағы қару шығаратын нысандар мен Хамас тобының жаттығу лагерлеріне соққы берді. Соңғы уақытта Израиль мен Палестина арасында қақтығыс жиілеп кетті. БҰҰ тараптарды зорлық-зомбылықты тоқтатып, келісім жүргізуге шақырды.        

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу