Израиль арнайы күштері Газа секторындағы операцияда 7 палестиналықты мерт қылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль арнайы күштері Газа секторындағы операцияда 7 палестиналықты мерт қылды

12.11.2018

Израиль арнайы күштері Газа секторында операция жүргізіп, 7 палестиналықты мерт қылды. Құрбандардың ішінде «Хамас» қозғалысының жоғары шенді командирі де бар. Атыс кезінде Израилді қорғау армиясының бір офицері қаза тауып, екіншісі орташа жараланған. Зардап шеккендер дереу ауруханаларға жеткізілді.

Палестина басшылығының мәліметінше, Хан-Юнус ауданында Израиль әскерилері жексенбіден дүйсенбіге қараған түні «қорқау шабуыл» ұйымдастырып, көлікпен кетіп бара жатқан «хамастықтарға» оқ жаудырды. Сондай-ақ, Израиль ұшақтары «Хамастың» позицияларына кемінде 40 рет соққы берген. Ал, палестиналық содырлар Израиль жаққа 17 зымыран жіберді. Солардың үшеуі құлатылған.

Газа секторындағы ахуал шиленіскендіктен, премьер-министр Биньямин Нетаньяху Парижге сапарын доғаруға мәжбүр болды.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу