Палестиналықтар шеруі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Палестиналықтар шеруі басталды

30.03.2018

Бүгін Газа секторы мен Израиль шекарасында ауқымды наразылық акциясы басталды. Соңғы мәліметке қарағанда, қарсылық соңы Израиль жауынгерлерімен қақтығысқа ұласып, 6 палестиналық қаза тапқан. Тағы 350-і жараланды. Израильдік сарбаздар арабтарға оқ атып, көзді жасаурататын газ шашқан.

Куәгерлердің сөзінше, қақтығысқа жүздеген палестиналық қатысып, солдаттарға тас жаудырды. Жанжал шекара бойындағы бірнеше жерде басталған. Израиль шерушілерді таратуға снайперлер мен арнайы қызмет жасақтарын және қарулы полиция жіберді.

Соған қарамастан, палестиналықтар шекара бойына автобустармен мыңдап барып жатыр. Олар үшін он шақты лагерь құрылған.

Мамырдың 15-де Израильдің құрылғанына тура 70 жыл толады. Сол күнге дейін газалықтар 1,5 ай бойы шеру өткізбек. Айта кетсек, 1948 жылдан бері еврей мемлекетін құру жолындағы Таяу Шығыстағы соғыста миллиондаған палестиналық үйлерінен айырылып, көрші елдерге босып кетті.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу