Трамп: Палестина мен Израиль бір-біріне қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп: Палестина мен Израиль бір-біріне қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуы тиіс

04.05.2017

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Таяу Шығыста бейбіт келісім жасауға «өте жақсы мүмкіндік» бар. Ақ үй басшысы Палестина автономиясының лидері Махмуд Аббаспен кездесуде осылай деп мәлімдеді. Бұған қоса, Трамп Палестина мен Израиль халқы бір-біріне қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуы тиіс екенін атап өтті. Ал, Махмуд Аббас бейбіт келісім «екі мемлекет» ұстанымына негізделіп, 1967 жылға дейінгі шекараларды сақтап қалуы қажет екенін алға тартты. Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, жылдарға созылған дағдарысты реттеуді бастау оңайға соқпауы мүмкін.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу