Жамбыл облысында жапалақтап қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жапалақтап қар жауды

28.04.2024

Жамбыл облысында мамыр айы жақындағанда жапалақтап қар жауды.

Әсіресе Жуалы ауданы ақұлпаға оранды. Қар әп-сәтте Тұрар Рысқұлов ауданы тұрғындарында әбігерге салды. Жұрт сәуірдің соңындағы қарды қыстың соңғы сәлеміне балайды. Дегенмен бүр жарған ағаштар мен бой алған көкөністер үсіп кете ме деп қорқады. Қазір аймақта өрік пен шие гүлдеп тұр. Сондай-ақ табиғаттың тосын мінезі Түркістан облысының Жуалы жерімен шектесетін Түлкібас ауданында да байқалды. Онда қар қылаулап артынша еріп кеткен. Ал Жуалының қары әлі бар, ауа температурасы -5 көрсетіп тұр. Ал синоптиктер бұл солтүстік-шығыстан келген циклон әсері деп отыр. Енді алда күн жаңбырлы болмақ.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу