Әзірбайжан кешегі соғыста 7 жауынгер жоғалтқанын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжан кешегі соғыста 7 жауынгер жоғалтқанын жариялады

17.11.2021

Өткен тәулікте Армения армиясымен қақтығыста Әзірбайжанның 7 жауынгері қаза тауып, 10-ы жараланған. Мұны елдің қорғаныс министрі осыдан бірер сағат бұрын хабарлады.

Әзірбайжан мен Армения әскерлері қарашаның 16-да шекара бойында бір-біріне оқ жаудырды. Бұл – екі ел арасында былтырғы соғыстан бергі ең ірі қарулы жанжал. Соңғы мәліметке қарағанда, тараптар Ресейдің арағайындығымен атысты доғарды. Мұндай шешім Ереван Мәскеуден өзінің территориялық тұтастығын қорғауға көмек сұрағаннан кейін қабылданды.

Арменияның 15 жауынгері қаза тауып, 12-сі тұтқынға түскен. Қазір көршілес мемлекеттер шабуылды бірінші бастады деп бір-бірін айыптап отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу