Мұнай арзандай бастады
Мұнай арзандай бастады. Қазір брент маркалы қара алтын 80 доллардан сатылып жатыр. Баға соңғы бірнеше күнде 6 пайыздай төмендеген. Трейдерлер мұны ақша несие саясатының қатаңдатылуымен және әлем экономикасының нашарлауымен байланыстырып отыр. Яғни осының салдарынан сұраныс азайған. Тіпті бағаның алдағы уақытта да арзандайтынын болжап отыр. Өйткені дәл қазір қара алтынның қымбаттауына ешқандай себеп жоқ дейді. Валюта бағамына тоқталайық. Бүгін теңге долларға шаққанда сәл нығая түсті. Қазір АҚШ валютасы - 456 теңге, еуро - 502, ал рубль - 5 теңге 60 тиын.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыз Азия чемпионатын сәтті бастады
01.04.2026, 20:58
Ұлттық банк: Теңге тұрақты валюталардың біріне айналды
01.04.2026, 20:15
Алтын шамамен 19 пайызға арзандаған
01.04.2026, 20:14
1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
01.04.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
01.04.2026, 20:13
Тартылған теңіздің 165 мың га алқабына ағаш отырғызылады
01.04.2026, 20:12
Дубайға қатынайтын ұшақтар сәуірдің соңына дейін тоқтатылды
01.04.2026, 20:11
Суды үнемдеуге бөлінетін субсидия 4 есе өсті
01.04.2026, 20:09