Иерусалимдегі мешітке ондаған мың мұсылман жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иерусалимдегі мешітке ондаған мың мұсылман жиналды

18.04.2023

Иерусалимдегі әйгілі «әл-Ақса» мешітіне Қадыр түні 280 мың адам жиналды. Мұны осы діни кешенге басшылық ететін иорданиялық «Вакф» ұйымы хабарлады. Алайда, Израиль полициясы Ескі қаланың қақ ортасындағы «әл-Ақса» мешіті мен Жартас күмбезінің арасындағы кеңістікке жиналған мұсылмандар саны шамамен 130 мыңға жетті дейді.

Жамағат таң атқанша Аллаға мінәжат еткен. Бұл кезде оқылған намаздың мұсылмандар үшін маңызы өте ерекше. Өйткені ислам дінінде осы түні жасалған құлшылық мың айлық құлшылықпен пара-пар саналады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу