Астана қаласының 11-сынып оқушылары мешітке жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының 11-сынып оқушылары мешітке жиналды

24.05.2017

Астана қаласындағы мектептерді тәмамдап жатқан 11-сынып оқушылары мешітте бас қосты. Имамның уағыз-өсиетін тыңдады, ақсақалдан бата алды. Жыл сайын дәстүрлі ұйымдастырылатын кездесудің жастарға берері мол. Балалық шақтан үлкен өмірге аяқ басқан жеткіншектер осы уақытта рухани және психологиялық қолдауды көп қажет етеді. «Олар сынаққа іштей дайын болса, жоғары нәтиже көрсетуге де мүмкіндіктері болады», дейді ұйымдастырушылар.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу