Абу-Дабиде Рим папасы Францискті көруге 135 мыңға жуық адам жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абу-Дабиде Рим папасы Францискті көруге 135 мыңға жуық адам жиналды

05.02.2019

Абу-Дабиде Рим папасы Францискті көруге 135 мыңға жуық адам жиналды. Папамен бірге Құдайға құлшылық ету рәсіміне ондаған мың католик пен мыңдаған мұсылман қатысты.

Рим папасы Араб елдеріне Абу-Даби ханзадасының шақыруымен жексенбі күні барды. Осы сапары барысында ол Йемендегідей діни соғыстарды сынап, христиандар мен мұсылмандар арасындағы ынтымақтастықты мейлінше нығайтуға шақырды.

Айта кету керек, Католиктер дінбасы Араб түбегіне іссапармен келген тарихтағы алғашқы понтифик болып отыр.

Жансая АЛЬЧЕМБАЕВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу