Ақтөбеде халықтық театрлар фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде халықтық театрлар фестивалі басталды

12.04.2023

Ақтөбеде республикалық халықтық театрлар фестивалі басталды. Мұндай шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Сегіз облыстан жиналған өнер ұжымдары алдымен Тахауи Ахтановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұл фестиваль жазушының 100 жылдығына арналып отыр. Екі күн бойы көрерменге «Күтпеген кездесу», «Күшік күйеу», «Махаббат мұңы», «Арыстанның сыбағасы» секілді қойылымдар ұсынылады. Фестиваль аясында театр спектакльдерінің байқауы, актер мен режиссер қауымы үшін шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

Болат Әбділманов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Талант халық арасында. Соларға қолымнан келгенше ақыл-кеңесімді беріп, шеберлік сабағын өткізіп, солармен тікелей сұхбат ретінде осы кездесіп жатырмын. Оларды үйретіп қана қойып жатқан жоқпын, өзім де нағыз табиғилықты, шынайылықты үйреніп жатырмын.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу