Елордада ерекше театрлар фестивалі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ерекше театрлар фестивалі өтуде

05.07.2018

«Ұлы дүние». Осындай атаумен Астанада алғашқы халықаралық ерекше театрлар фестивалі өтті. Ерекшелігі сол, қойылымдарды бірыңғай ым-ишара тілінде сөйлейтіндер қояды. Фестиваль елорданың Оқушылар сарайында үш күн бойы өтеді. Оған Ресейдің Мәскеу мен Санкт-Петербург қалалары, Украинаның Киев шаһарының саңыраулар театрлары қатысып отыр.

Сондай-ақ, жақында ғана Астанада құрылған «Activ Life» театры да тұңғыш рет өнер көрсетпекші. Айта кетерлігі, бұл шараға мұрындық болғандар да осы қоғамдық бірлестігінің мүшелері. Ұйымдастырушылар ерекше театрлардың фестивалі жылдағы игі дәстүрге айналатынына сенім білдірді. Өйткені, өнердің тілі шектеусіз.

Арнұр Ысқақов, «Activ Life» театрының құрылтайшысы:

- Осындай театрлар біздің елде де болу керек деген ой келіп, бір айдың ішінде қойылымды ыңғайлап, бүгін бәйгеге қостық. Сондықтан, ел ағалары бізді қолдап жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді. 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу