Ақтөбеде алғаш рет студенттік театрлар фестивалі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде алғаш рет студенттік театрлар фестивалі өтуде

21.04.2016
Ақтөбеде алғаш рет студенттік театрлар фестивалі өтуде
Шараға Алматы, Семей, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Орал және Жаңаөзен қалаларынан 13 ұжым қатысуға ниет білдірген. Олар фестивальдің ашылу салтанатына қатысып, қызыл кілеммен жүріп өтті. Одан соң ақтөбелік жастар театр көрермендеріне ұлт тарихынан хабардар ететін көрініс ұсынды.

Ал, негізгі байқау шымылдығын алматылық «Мюзик» театры «Жазығым не менің, анашым» қойылымымен ашты. Фестиваль екі күнге жалғасады.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу