Театрлар фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Театрлар фестивалі басталды

23.09.2019

Семейде Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына орай Қазақстандық драма театрлардың 27-ші республикалық фестивалі басталды. Фестивальге еліміздің әр қаласынан 10-нан астам театр ұжымы өз репертуарымен келген. Өнер байқауы 25-ші қыркүйекке дейін жалғасады. Көрермендер алдында әлемдік және отандық шығармалар қойылады. Бұл мейрамның басты көздегені - қазақтың атақты кино және театр актрисасы Әмина Өмірзақованың өшпес өнеріне тағзым. Ұлы Абай елінде дүниеге келген талант иесінің мерейтойы Мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатыр. Ана, әйел рөлдерін шебер сомдаған Әмина Өмірзақованың құрметіне орай ұйымдастырылған фестиваль оның ізбасарларын, жаңа таланттарды танытуға мүмкіндік береді.  

Асанәлі Әшімов, актер, КСРО халық әртісі:

Әмина әртүрлі жанрда қызмет еткен адам. Комедия, трагедия. Ол ұлы актриса деп айтуға болады. Сондықтан сол кісінің, жерлестерініңздің 100 жылдығы жасасын. Сол кісіге арнап жатқанымызға өзіміз де қуанамыз.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу