Республикалық театрлар фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық театрлар фестивалі басталды

12.10.2021

Қарағандыда ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Әшірбек Сығай атындағы республикалық театрлар фестивалі басталды. Тұңғыш рет ұйымдастырылған өнер бәйгесіне еліміздің барлық өңірінен 15 театр қатысуда. Фестиваль шымылдығы Ласло Дюрконың «Электра» трагедиясымен ашылды. Режиссер қоғамдағы құбылысты, адамдардың бір-біріне деген қатыгездігін айтуға тырысқан. Спектакльдің философиялық толғанысы жоғары, пәлсапалық тұжырымы терең, - дейді театр сыншылары. Жалпы 6 күнге ұласатын өнер бәйгесінің репертуары өте бай, түрлі тақырыптарды қамтиды. Театр сыншылары мен өнер қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы таңдалған тақырып, сахналық киім үлгісі, декорация, актерлар шеберлігін таразылап, үздіктерді анықтамақ. Енді тетар фестивалі әр екі жыл сайын өткізіліп тұрмақ.

Амангелді Мұқан, Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің мүшесі, қазылар алқасының төрағасы:

Біздің театрларымыз қай бағытта жылжу керек, қандай мәселелерді, тақырыптарды көтеріп жатыр, қандай кейіпкер сахнаға шықты, театрдың эстетикасы қандай болып бара жатыр, бұның барлығы сынаптай сырғыған уақытта тоқтаусыз жүріп жатыр. Қазақ тетары да соған сай болуы керек. 


Хабарламаларға жазылу