Шахматтан әлем чемпионатының екінші күні аяқталды
Шахматтан әлем чемпионатының екінші күні аяқталды. Қара фигурамен ойнаған ресейлік гроссмейстер Ян НепОмнящий қытайлық Дин Лиженнен басым түсті. Ол 29-ншы жүрістен кейін ойыннан бас тартты. ФИДЕ федерациясы атынан бақ сынап жатқан спортшы қарсыласынан 1 ұпай алда келеді. Әлем чемпионы титулына ие болу үшін ол 7,5 ұпай жинауы керек. Барлығы 14 партия жоспарланған. Әр екі партиядан кейін бір күн демалыс. Келесі ойын 12-сәуірде өтеді. НепОмнящий ақ, Дин Лижен қара фигурамен ойнайды. Матчтың жүлде қоры 2 млн еуро. Жеңгені осы қаржының 60%-ын алса, 2-орын алған гроссмейстер қалғанына ие болады. Ұйымдастырушылар чемпионаттың Қазақстанда өтіп жатқаны бекер емес,-дейді.
Аркадий Дворкович, Халықаралық Шахмат федерациясының президенті:
Қазақстан - әлем чемпионатының матчын өткізуге ең қолайлы жер. ФИДЕ бүкіл әлем бойынша әлемдік деңгейдегі турнирлерді өткізуге тырысады. Бұл матчтың ерекшелігін ескере отырып, үміткерлердің негізгі жанкүйерлері Ресей мен Қытайдан болғандықтан, Қазақстан барлығына сәйкес келеді. Шахматтың даму деңгейі тұрғысынан да, уақыт белдеулері бойынша да өте ыңғайлы.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06