Астанада балалар арасында шахматтан жарыс өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада балалар арасында шахматтан жарыс өтіп жатыр

10.04.2023

Астанада балалар арасында шахматтан республикалық жарыс басталды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 14 жасқа дейінгі 175 жеткіншек қатысып жатыр. Сәуірдің 16-сына дейін жалғасатын сайыста республикалық кубоктың иегері анықталады. Жүлде қоры 3 млн теңге. Жарысқа қатысушылар жекелей және командалық ойында бақ сынап жатыр. Бұл сайысты бейресми түрде "Болашақ әлем чемпиондарының жарысы" деп айтса да болады. Себебі, тап осы кезеңнен өткен ойы озық жасөспірімдер халықаралық жарыстарға жолдама алады. Ал, біздің балалардың әлемдік додаларда нәтижесі жаман емес.

Гүлмира Дәулетова, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры:

Соңғы 10 жылда балаларымыздың деңгейі өсіп жатыр. Біздің балаларымыз 40-тан көп жарыстарда жүлделі орындар алып жатыр. Әлем және Азия біріншілігінде жүлделі бірінші және екінші орындарды алып жатыр.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу