Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өтіп жатқан матчтың үшінші партиясы тең аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өтіп жатқан матчтың үшінші партиясы тең аяқталды

12.04.2023

Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өтіп жатқан матчтың үшінші партиясы тең аяқталды. Әзірге есеп 2:2. Сарапшылардың айтуынша, ойын осылай жалғаса берсе 14 турдың жоспары орындалмауы мүмкін. Өйткені, екі гроссмейтер де алдынғы ойындардағы нәтижені қайталап жатыр. Әлем көз тіккен жарыс туралы әріптесім Асылбек Данияр тарқатып айтады.

Асылбек Данияр, тілші:

Дүниежүзі көз тіккен жарысты тек Youtube платформасы арқылы тікелей эфирде 120 000-нан 140 000-ға дейін адам көреді. Одан бөлек, теледидар арқылы бақылап отырған миллиондаған көрермен бар. 14 партияға жоспарланған ойынның 3 партиясы осылайша аяқталды. Ертең төртінші пария өтеді. Шахматшылар екі ойын сайын бір күн демалады. Жүлде қоры 2 миллион еуро. Чемпион оның алпыс пайызын иемденсе, қалғанын қарсыласы алады.


Хабарламаларға жазылу