Елімізде қоқыс жинаудан жарыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде қоқыс жинаудан жарыс өтеді

28.07.2023

Елімізде қоқыс жинаудан жарыс өтпек. Экологиялық шараға қазір қызу дайындық жүріп жатыр. Негізі «Таза ойындар» деп аталатын конкурс әлемнің 30-дан астам елінде өткізілетін халықаралық ірі жарыс. Енді ол Қазақстанда өтпек. Сондықтан еліміздің эковолонтерлері Астанада бас қосып, тазалық кубогын өткізуге қатысты арнайы тағылымдамадан өтіп жатыр. Жарыс қыркүйекке жоспарланған. Ал ұлттық чемпионаттың жеңімпаздары келесі жылдың көктемінде ТМД экологиялық белсенділері арасында өтетін Еуразиялық тазалық кубогына қатысады.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу