8 жастағы қазақстандық Айша Закирова шахматтан Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

8 жастағы қазақстандық Айша Закирова шахматтан Әлем чемпионы атанды

31.10.2016
8 жастағы қазақстандық Айша Закирова шахматтан Әлем чемпионы атанды

Грузин еліндегі Батуми қаласында өткен 8, 10 мен 12 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 8 жастағы қазақстандық Айша Закирова құрдастары арасында Әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясы.

Айша 6 жасынан бастап шахматпен айналысқан. Ол - Алматыдағы Халықаралық кәсіби шахмат мектебінің шәкірті. 

Хабарламаларға жазылу