Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтіп жатыр

10.04.2023

Шахматтан әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін таласып жатқан Ян Непомнящий мен Дин Лижен арасындағы матчтың алғашқы партиясы өтті. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов осы ойында символдық алғашқы жүрісті жасады. Жалпы, шахматты Қазақстанда дамыту үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. 8 мыңға жуық үйірме жұмыс істеп тұрса, алдағы оқу жылында 654 мектепте шахмат пәні факультатив түрінде енгізілмек.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу