Франциядағы жарылыстың салдарынан 8 адам жоғалып кетті
Францияның оңтүстігіндегі Марсель қаласында жарылыс болып, екі ғимарат құлады. Соңғы мәліметке қарағанда, 5 адам жараланып, сегіз тұрғын жоғалып кеткен. Апаттың себебі әзірге белгісіз. Алдын ала болжамға сай, газ төгілген болуы мүмкін. Марсель прокуроры Доминик Лоренс журналистерге сегіз адамның «телефон қоңырауларына жауап бермегенін» растады. Ғимараттардың қирауына нақты не себеп болғанын анықтау әзірге мүмкін еместігін де атап өтті.
Ал, қала басшылығының пайымдауынша, жарылыстан қаза тапқандар болуы әбден ықтимал. Оқыс оқиғадан соң жақын маңдағы үйлерден 200-дей тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Ал, лапылдаған жалынды сөндіруге 100-ден астам маман жұмылдырылған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06