Басты Жаңалықтар Түркістан облысында күздік ағаштарды еге бастады

Түркістан облысында күздік ағаштарды еге бастады

Түркістан облысында күзгі ағаш отырғызу науқаны басталды. Түркістан қаласындағы түрлі мекеме қызметкерлері әуежай жолының бойында жаппай көшет отырғызу шарасы ұйымдастырылып, оған мыңға тарта адам қатысты. Қаланың экологиялық ахуалын жақсарту және көгалдандыру мақсатында өткен шара барысында жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының республика бойынша 15 миллион көшет отырғызу жөніндегі тапсырмасы аясында аймақта 1,5 миллион түп көшет егу көзделген. Облыстағы 807 елді мекенді көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Ғалымжан Төлепов, Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

Бүгінгі таңда осы маңда 700 мыңнан астам көшет егілген. Енді ауа-райының қолайсыздығына байланысты құраған көшеттердің орнын толықтыру жұмыстарын жүргіздік. Жалпы 240 мың гектар жерге 87500 түп көшет егіледі. Сектор сектор, гектар гектарға бөліп, тек ағаш түрлеріне сәйкес егіп жатырмыз. Бұл жерде тұт ағашы, жиде, өрік, қара ағаш талдары егіледі.

Бөлісу