Заң мен тәртіп қатаң сақталуы тиіс
Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Осы қағидатты қанша білгенмен, ол орындала бермейді. Өкініштісі заң сақтамайтындар, өзгенің құқығы аяқ асты ететіндер қоғамда аз емес. Бұл өркениетті қоғам қалыптасуына селкеу түсіреді дейді көпшілік.
Сауалнама:
Семей
Заң мен тәртіп қағидатын барлық жерге енгізу дұрыс деп санаймын. Өкінішке орай заңды белшесінен басып жүрген азаматтардың бар болып жатқаны әрине бізді қынжылтады. Сондықтан, бұдвн былай қарай да заңның аясында ғана жүруіміз керек.
Қызылорда
Соңғы еліміздегі жағдайлар еліміздегі заңның үстемдігін көрсетеді. Заң мен тәртіп қағидатының эффективті жұмыс істеуін көрсетеді. Яғни тек қара қарапайым азаматтар емес үлкен ТОП менеджерлер де заң алдында жауап береді және барлық жасаған заңға қарама-қайшы әрекеттері үшін жауапқа тартылады.
Қарағанды
Заң мен Тәртіп бұл өте дұрыс деп санаймын. Жаңа Ата заңымызда да асты сызылып көрсетілген. Соңғы жолдауда да Президентіміз айтты. Әр бір азамат заңға бағынуы керек. Заң бар жерде тәртіп бар. Тәртіп бар жерде мәдениет бар. Ал мәдениеті бар ел ешқашан өлмейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы