Басты Жаңалықтар АҚШ банктерінде техникалық ақау тіркелді

АҚШ банктерінде техникалық ақау тіркелді

АҚШ-тағы бес ірі банктің клиенттері қаржылық қызметтерді пайдалануда қиындықтарға тап болды. JPMorgan Chase өкілдері жүйедегі ақаудың кибершабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеп, оған техникалық ақау себеп болды деп отыр. 

Банктердегі ақау әлеуметтік желілерде 17 қарашаға қатысты тараған «цифрлық апокалипсис» туралы қауесеттермен тұспа-тұс келді. Желі қолданушылары дәл осы күні жаппай кибершабуыл жасалып, интернет пен банк қызметтері істемей қалуы мүмкін деген мәлімет таратқан еді. Алайда мұны ресми орындар жоққа шығарған болатын. Ал өткен аптада АҚШ-та авиадиспетчерлердің байланыс жүйесіндегі ауқымды үзіліс салдарынан ұшақтар төрт сағат бойы әуеге көтеріле алмай қалған еді. Ақау ел бойынша әуежайларға әсер етіп, ұшу кестесіне айтарлықтай кедергі келтірген.

Бөлісу