Энергетик мамандар жаңартылған бағдарламамен оқытылады
Павлодардағы Торайғыров университетінде энергетика саласына қажетті кәсіби мамандарды даярлауға басымдық берілмек. Мемлекеттік білім ордасы 70 жылға жуық қуат өндіретін кәсіпорындарға жоғары білікті маман даярлайды. Дәл сол уақытта еліміздің энергетика орталығы ретінде Екібастұз қаласының іргетасы қаланған болатын. Ал, биыл кеншілер мен энергетиктер шаһары аумағындағы электр энергиясын өндіретін стансалар жаңартылып, қосымша энергоблоктар құрылысы басталды. Осы ретте Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізде энергетик мамандарға деген тапшылықты жою керек, деп баса айтқан болатын. Іле Павлодардағы университет оқу бағдарламасын күшейтуге кірісті.
Олжас Талипов, С.Торайғыров университетінің энергетика факультетінің деканы:
Президент Жолдауында энергетика саласындағы маңызды бағыттар мен мәселелерді айқындап берді. Ең басты талап қуат өндіруді арттыру. Екі атом электр станциясы және көмір генерациясы арқылы алынатын, балама қуат өндіретін жаңа кәсіпорындар салынады. Демек технология жаңарады. Сондықтан біз кадр дайындауда заманауи талаптарға мән береміз. Ол үшін жаңартылған оқу бағдарламасына көшіп жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы