Жетісу өңірінің жетістігі – тәуелсіздік жемісі
Тәуелсіздік жылдары Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 24 млрд-тан 480 млрд теңгеге жетті.
Егемендікпен бірге еңсе тіктеп, 2022 жылы жеке дара аймақ болып қайта құрылған өңірдің аграрлық әлеуеті еселеп артуда. Төрт түлік пен құс саны өсті, егіс алқабының көлемі де ұлғайды. Атап айтқанда, егін шаруашылығының түсімі үш есеге көбейіп, 3 миллион тоннаға жуықтады. Әсіресе аймақта жүгері мен қант қызылшасына стратегиялық басымдық берілген. Тәтті түбір алқабы 4 мың гектардан 13 жарым мың гектарға кеңейіп, биыл 100 мың тоннаға жуық өнім алу жоспарланып отыр. Бұл – Жетісудың еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігіне қосқан нақты үлесі.
Нұрдәулет Кененбаев, Жетісу облысы а/ш басқармасының басшысы:
Өсіріп, өндіріп қана қоймай, бүгінгі таңда біз оны қайта өңдеуге үлкен мән беріп жатырмыз. Атап айтатын болсақ, жалпы облыста өндірілген өнімнің 68 пайызы өзіміздің облыста орналасқан кәсіпорындар өңдеп, дайын өнім шығарып жатыр. Міне, бүгінгі таңға жеткен жетістігіміз осы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің таза еңбегі және де мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы