Басты Жаңалықтар Ауыл медицинасы ілгерілеп келеді

Ауыл медицинасы ілгерілеп келеді

Елімізде мемлекетке қайтарылған аквтитер есебінен ауыл медицинасы жаңғырып жатыр. Қызылорда облысы, Арал ауданында былтыр жаңа нейроинсульт және кардиология орталығы ашылып, бүгінде оның игілігін ел көріп отыр.

Қосымша ғимарат аудандық аурухана жанынан салынып, екі бөлімшеде 52 төсек орын қаралған. Емдеу мекемесі толықтай заманауи медициналық қондырғылармен жабдықталып, мұнда жүрек-қан тамырлары аурулары мен қан қысымы жоғары науқастар ем алып жатыр. Жалпы аймақта қайтарылған активтер есебінен денсаулық саласы бойынша осындай екі жоба жүзеге асты. Әсіресе, облыс орталығынан шалғайдағы Арал ауданы үшін бұл орталықтың маңызы зор.

Бектас Нұридинов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Арал ауданында бұрын-соңды мұндай бөлімше болмаған. Тұрғындар осы жүрек-қан тамырлары мен нейроинсульт ауруларымен облыс орталығына немесе басқа қалаларға барушы еді. Сондықтан осындай мемлекет басшысының үлкен қолдауымен ел игілігі қызметіне табыс етілді.

Бөлісу