Қазақ музыканттары Брюссельде концерт берді
Қазақ музыканттары талантымен Еуропа жұртын тамсантты. Еліміздің Бельгиядағы елшілігінің қолдауымен музыканттар Брюссельдегі «Бозағ»өнер орталығында концерт берді.
46 түрлі музыкалық аспапта ойнайтын «Тұран»этно-фольклорлық ансамблі, еліміздің үздік теноры Медет Шотабаев, жас виолончельші Талғар Толқынұлы мен пианиношы Дина Мейірманова еуропалықтарға ұлттық өнердің жауһарын паш етті. Музыканттар Абайдың, Н.Тілендиевтің шығармаларынан бөлек, әлемдік классиканың үздік туындыларын шебер орындады. Сондай-ақ, кеште көпшілік еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, сазгер Ақтоты Райымқұлованың жаңа туындысын тыңдады. Ұлы даланың ғажайып сарынын естіп, тамсанған еуропалықтар музыканттарға қошаметті жаудырды.
Юсеф Ван Вайнбергер, көрермен:
Таңғажайып концерт. Еуропалықтар үшін бұл мүлде бөлек мәдениет. Музыканттардың бар жан-тәнімен беріліп ойнағанына тәнті болдым. Жарайсыздар!
Мартин Говэ, көрермен:
Бұл менің осы уақытқа дейін тыңдаған музыкаларымның ішіндегі ең кереметі дер едім. Ұлттық аспаптарыңыздың үні дүниемді дүр сікіндірді. Ұлы дала еліне саяхат жасағандай болдым.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысында ауылға көшетіндер қарасы артты
12.08.2026, 17:27
«Дипломмен – ауылға»: Маңғыстау облысында нәтиже беруде
12.08.2026, 17:25
Конституцияның негізгі діңгегі – отбасы
12.08.2026, 17:22
Партиялардың алғашқы командалық теледебаты өтеді
12.08.2026, 17:20
БАӘ-де екі дауыс беру учаскесі ашылады
12.08.2026, 17:17
Бүгін әлем халқы Күн тұтылғанын көреді
12.08.2026, 17:15
Индонезияның Бали аралында паром өртенді
12.08.2026, 17:13
Таиланд үкіметі қаруға рұқсат беруді тоқтатпақ
12.08.2026, 17:10