Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай семинар өтті.
Шетелдік ғалымдар Абай өмірінен және түркі халықтарының мәдениеті бойынша баяндама оқып, ойларымен бөлісті.
Шара мақсаты - алып тұлғалардың шығармашылық образдарын халыққа ұсынудың әлемдік тәжірибелерімен бөлісу.
Абай мұралары - әлемдік зерттеушілердің назарында. Жиынға қатысушы шетелдік мамандар Абай еңбектеріне, оның ішінде музыкалық туындыларына талдау жасап, ақынның шығармаларының маңыздылығына тоқталды.
Азия мәдениетін зерттеуші, этномузыкант Вильям Бредфорд Смит қазақ этнографиясымен жақсы таныс. «Абай еңбектерін терең зерттеу керек, өйткені, мұнда адамзатқа ортақ тағылымды философиялық ойлар бар», дейді ғалым.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ