Павлодарлық дихандар қант қызылшасын өсіруді қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық дихандар қант қызылшасын өсіруді қолға алды

06.06.2019

Бұл дақыл биыл аймақта алғашқы рет егіліп отыр.Қазір шаруалар шығымдылығы жақсы сұрыптарды анықтау үшін тәжірибе алқаптарына дән сеуіп жатыр. Ол үшін Германиядан қант қызылшасының 8 түрлі сұрыбы әкелінді. Егер агротехникалық шаралар дұрыс жүргізіліп, климаттық жағдайға бейімделсе гектарынан 50 тоннаға дейін өнім беруі мүмкін. Ал, енді бірер айдан соң, өңірде қуаттылығы 100 мың тоннаға дейін қант шығаратын зауыттың құрылысы басталады. Яғни, тәулігіне тәтті түбірдің 6 мың тоннасын өндейді. Салыстырмалы түрде айтқанда, ішкі нарыққа қажетті қанттың 20 %-ы өндіріледі.

Әлібек Несіпбеков, «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының төрағасы:

Қант зауыты Ақсу қаласының төңірегінде орналасатын болады. Бүгінгі күнде 70 гектар жер бөлінді. Зауыттың құрылысы 2019-2021 жылдың аралығында болады. Жалпы құны - 150 миллион доллар.

 

Хабарламаларға жазылу