Мәжілістің VIII шақырылымы не істемек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілістің VIII шақырылымы не істемек?

02.04.2023

Мәжіліске қайта оралайық. Парламенттік оппозиция институтын заңнамалық тұрғыдан бекітуді Қасым-Жомарт Тоқаев 3 жыл бұрын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде ұсынған еді. Кейін заң жүзінде бекітілді. Айтпақшы, «Парламенттік оппозиция» туралы заң жобасын 2012 жылы «Ақ жол» партиясы әзірлеген еді. Сол кезде діттегеніне жете алмаған Перуашев партиясына бәсекелес ұйымдар пайда болды... Өзін-өзі ұсынғандар тағы бар...Сондықтан бұл шақырылымның отырыстары қызық болатын сыңайлы. Қоғам арасында «шоу болады» деп талқылап жатқандар да бар. Өйткені жаңа құрамда «ақын, журналист, спортшы көп» деп...

98 депутаттың қай саладан екенін саралап шықтық. Сөйтсек, басым бөлігі заңгер екен: 16 адам. Экономист те аз емес: 9. Мұғалім де сонша. Ақын, филолог, журналистерді біріктіріп санадық: 11 екен. Мәжілісмендер арасында мүмкіндігі шектеулі жандар, геолог, зоотехник, агроном, электрик, ЖЭС маманы да бар екен.


Хабарламаларға жазылу