Қазақстанның алты өңірінде 160-тан аса үйді су басқан
Еліміздің 6 өңірінде 160-тан аса үйді су басқан. Бұл туралы бүгін Үкімет отырыснда белгілі болды.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша еріген қар суы үйлерге кіру дерегі Абай, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан және Павлодар облыстарында тіркелген. Тасқын салдарын жою үшін 3,5 мыңнан астам адам, 500-ден аса техника жұмылдырылған. Премьер-министр елдің солтүстік өңірлерінде де күн жылып келе жатқанын айтып, дайындықты күшейту керектігін ескертті. Әрі халықпен кері байланыс орнатып, олардың көмек беру туралы өтініштеріне дереу жауап беру қажеттігін айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркияда той-думанда ысырапқа жол берілмейді
28.07.2026, 17:08
Дастан Сәтпаев «Челсидегі» алғашқы голын соқты
28.07.2026, 17:07
Полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді
28.07.2026, 17:07
Павлодар облысында экологиялық-танымдық квест өтті
28.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
28.07.2026, 17:03
Жастардың жұмыссыздық деңгейі жыл сайын төмендеп келеді
28.07.2026, 17:00
Халық пікірі: Жастар – қоғамның қозғаушы күші
28.07.2026, 16:58
Ассамблея өкілдері Құрылтай сайлауын талқылады
28.07.2026, 16:57