Соңғы 5 жылда бюджет шығыны кірісінен 2 есе асып кетті. 2023-25 жылдарға арналған республикалық бюджет нақтыланып жатқан Сенат отырысында Мәулен Әшімбаев осылай деді. Депутаттар теңгенің құнсыздануы мен сыртқы қарыздың өскені туралы да де тарапынан сынға алынды. Биыл қазына қаражатының қаншасы қайда жұмсалатынын тілшіміз Оңғар Алпысбайұлы айтын.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Биыл Республикалық бюджеттің кірісі 19 трлн теңгеден асады деген жоспар бар. Бұл өткен жоспарға қарағанда 1,5 трлн теңгеге көп. Ал шығыстар 22,5 трлн теңгеге жетеді. Бұл да бұрынғы жоспардан 2,2 трлнға көп. Енді бұл қаржы қайда бағытталатынына тоқталайық.
Мемлекет Басшысының Жолдауы мен Сайлауалды бағдарламасындағы міндеттерді іске асыруға қосымша 2 трлн. теңге бөлінеді. Экономиканың нақты секторын қолдауға барлық шығыстардың 16 , ал Өңірлерді дамытуға 32 проценті жұмсалмақ. Ең көп бөлігі әлеуметтік салаларға бағытталады. Ол, шығынның 40 пайызға жуығы немесе 8,5 трлн теңге.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі:
Қаражат «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға, мектепке дейінгі білім беру мекемелері педагогтерінің жалақысын көтеруге және колледж студенттердің стипендияларын ұлғайтуға, әлеуметтік төлемдердің, жәрдемақылардың мөлшерлерін арттыруға, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға бағытталатын болады.
Барлық жоспарды жүзеге асыру үшін үкімет Ұлттық қордан қосымша 800 миллиард теңге алмақшы. Бұған дейін Президент ұлттық қордың көлемін 100 миллиард долларға жеткізуді тапсырған. Біздің қорымыз соңғы бірнеше жылда 73 тен 57 миллиард теңгеге қысқарып кетті. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазынаға жөнсіз қол сұғуды доғарып, ақшаны ақылмен жұмсау керек деді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Қаржы саласында тәртіп орнату керек. Әр түрлі ұсыныстарды бере бермей тек қана елдің жағдайына қатысты немесе стратегиялық инфроструктураға байланысты мәселелерді қаржыландыруымыз керек. Өте үлкен маңызы жоқ мәселелер болса оны болашаққа қалдыруға болады.
Сондай-ақ депутаттар сыртқы қарыздардың өсіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. Соңғы есеп бойынша 161 млрд долларға жақындап қалған. Бұл жалпы ішкі өнімнің 74 пайызына жуықтайды.
Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
Оның көбісі фирмаралық қарыз. Шетелдік компаниялар өздерінің Қазақстандағы проектілеріне финансирование жасап жатыр. Ал, үкімет пен Ұлттық банктің қарызы ол өте аз. Басқа елдерде 100 пайыздан асып жатады. Кейбір елдерде 200 пайыз бар. Ол әр елдің өзінің несіне байланысты. Тем более көп елдерде үкіметтің қарызы. Сондықтан алаңдайтын ештеңе жоқ.
Үкіметтің ұсынған құжаты бүгін Сенатта бірінші оқылымда мақұлданды. Ал, келер жылғы жоспарда бүгінгі ескертпелер толық ескерілуі тиіс. Бұл депутаттардың қатаң бақылауында болады деді Сенат төрағасы.
Оңғар Алпысбайұлы