Жоғарғы сот кеңесінің рөлі мен мәртебесі күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғарғы сот кеңесінің рөлі мен мәртебесі күшейтіледі

15.03.2023

Жоғарғы сот кеңесінің рөлі мен мәртебесі күшейтіледі. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында қаралған «Сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» заң жобасы осыны көздейді. Сенаторлар қараған құжатта аудандық соттың төрағаларын сайлау элементтерін енгізу де ұсынылған. Өйткені бүгінгі күні облыс ортылықтарында, Елорданы қосқанда 15 сотта төраға жоқ

Судьялар телефонмен сөйлесуден қорқады. Еш негізсіз, яғни қылмыстық іс қозғалмай-ақ күштік құрылым өкілі кез-келген судьяның телефонын тыңдап, аттаған қадамын бақылайтын шексіз күші бар.

Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бүгінде құқық қорғау органдарында судьяларға ықпал етудің өзіндік құралдары бар. Олар қылмыстық іссіз кез келген судьяға қарсы арнаулы жедел іздестіру іс-шарасын жүргізуге құқылы. Тек облыс прокурорының санкциясын алса жеткілікті. Сол сәттен бастап күштік орган судьяны тыңдай алады. Жеке өмірі жайлы мәліметтер жинай алады. Сондықтан судьяларда олардан қорқуға негіз бар.

Сескеніп жүретін, көрінгеннен секем алып қарайтын судья әділ шешім шығаруы екіталай. Ондай адамға әсер ету де оңай.

Нұрсерік Шәріпов, Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

Күштік органдар іс қозғамастан санкция алып, прокурор деңгейінде жұмыс істейді. Күштік құрылымдар тарапынан соттарға қысым көрсету, солардың жетегінде кетіп, айыптау бағытында қалып қоятынының бір дәлелі.

Судьяларды тыңдап, ізіне түсуге санкция беру облыс прокурорының қолында. Бүгін, бұл тетікті бас прокурорға беру ұсынылды. Жалпы, өзге елдерде осындай санкцияны соттар өздері береді.

Ғабит Бөкенбай, тілші:

Сенат отырысынан шыққан Нұрсерік Шәріпов журналистерге өзіне қысым көрсетуге ешқандай күштік құрылымның дәті жетпейтінін сенімді айтты. Жүре сөйлеген төраға, болмағанда облыс емес бас прокурор деңгейінде санкция беру мәселесі шешілсе, бұл судьялардың тәуелсіздігіне аз болса да, сеп болар еді деген арыз-арманын қоса айтты.

Ғабит Бөкенбай


Хабарламаларға жазылу