Сайлау - 2023: 793 халықаралық сайлаушы аккредиттелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау - 2023: 793 халықаралық сайлаушы аккредиттелді

14.03.2023

Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында 793 халықаралық бақылаушы аккредиттелді. Бүгін, Сыртқы Істер Министрлігінде өткен брифингте 41 мемлекеттен бақылаушылар келетінін мәлім болды. Түрлі дипломатиялық миссия басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысқан жиында 19-шы наурыз күні өтетін сайлауға әзірлік жайы пысықталды. Орталық сайлау коммисиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылар үшін сайлауға дайындық және оны өткізу барысын толыққанды бақылау үшін барлық жағдай жасалғанын айтты. Сайлау күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, ТМД, Түркі мемлекеттері, ТҮРКПА, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және тағы басқа шетелдік ұйымдардан бақылаушылар өз қызметін атқармақ.

Джун Ямада, Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі:

Қазақстандағы сайлау науқаны елдеріңіздің демократиялық даму жолындағы кезекті қадамды деп ұғамын. Бүгін, шетелдің диплОматтармен халықаралық ұйым өкілдерін арнайы брифинг өткізіп, сайлауға дайындық барысы кеңінен айтылды. Бұның өзі көп елде болмайтын ерекше дәстүр.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу