Атырау облысындағы Миялы ауылын су басты
Атырау облысындағы Миялы ауылын су басты. Қарғын судан Қызылқоға және Индер ауданына қауіп төніп тұр. Қазір құтқарушылар күшейтілген режимге көшкен. Толығырақ, ахуалды сол өңірдегі меншікті тілшіміз Жандос Темірғалиден білейік. Жандос, жағдайды рет-ретімен баяндасаң. Зардап шеккендер бар ма?
Жандос Темірғали, тілші:
Жағдай әсіресе Ақтөбе облысымен көршілес жатқан Қызылқоға ауданында күрделі. Қарғын су Миялы ауылындағы үйлердің ауласына кіріп кеткен. Құлаған үй жоқ. Бірақ бір күннің ішінде құтқарушыларға 58 хабарлама түскен. Айналасы үш тәулікте бас-аяғы 20-дан астам техника 13 мың текше метр суды елдімекен сыртына шығарды. Ауылда 26 қауіпті аумақ бар. Мамандар бүгінге дейін 250 тонна құм төсеп үлгерді.
Қалы Бейсенбаева, Миялы ауылының тұрғыны:
Суға кеткелі таңертең, таңғы 5-те ТЖ-ға хабар бергенбіз. Содан бері қарай қызметкерлер қызмет жасап жатыр. Үйімізді аман алып қалды.
Жандос Темірғали, тілші:
Жауған жаңбыр мен еріген қар суы Сағыз ауылын көктей өтетін Ноғайты өзенінің арнасын толтырған. Өзен жағасының шамамен 3 жарым шақырымы биіктетілді. Ахуал, Индер ауданында да оңып тұрған жоқ. Бірақ қауіптің беті қайтты. Жарсуат , Елтай , Өрлік ауылдарында авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды. Жедел топ қазір Қызылқоға ауданындағы Ойыл өзенін бақылауда ұстап отыр. Өйткені, былтыр Ойыл тасып, аудан орталығымен байланыс үзілген-ді.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14