112 метрлік сырмақ сырған отбасы бас жүлдені алды
Алматыда қалалық деңгейде өткен ұлттық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы анықталды. Биыл байқауға 262 отбасы қатысып, соның ішінен үздік деп танылған 8 жанұя ақтық кезеңде бақ сынады.
Өнегесімен өзгеге үлгі болған сегіз отбасының арасынан бұл жолы Биляловтар жанұясының бағы жанды. Алты бала тәрбиелеп отырған әулет үшін бұл байқау жай ғана жарыс емес, ұлттық құндылықтарды ұрпаққа аманаттаудың үлкен мүмкіндігі. Өйткені, байқауда Биляловтар отбасы қолөнердегі шеберлігін паш етті. Олар жылдың төрт мезгілін бейнелейтін, ұзындығы 112 метрлік алып сырмақ тігіп, көпшілікті таңғалдырған. Кейін туынды Азия және Африкадағы 103 мемлекет арасындағы Әлемдік рекордтар кітабына енді. Енді жеңімпаздар 11 қыркүйекте Астанада өтетін республикалық байқауда Алматының намысын қорғамақ.
Арман Билялов, қалалық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы:
Енді бұл ұлттық байқауға екінші рет қатысып жатырмыз. Екінші рет қатысып бірінші орын алғанымызға таңқалып жатырмыз отбасымызбен. Осындай марапатқа шақырғаннан кейін аудандық деңгейде жеңіп алдық па деп ойладық. Аудандардың ішінен бірінші болып шыққанымызға таңқалып риза болып жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы