БҚО-да 300-ден аса балаға оқу құралын табыстады
Батыс Қазақстан облысында «Мектепке нық қадаммен!» акциясы аясында 300-ден астам балаға оқу құралы табыс етілді.
«Әділет» партиясы мұрындық болған акцияның мақсаты – әлеуметтік жағынан аз
қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсету. Отбасы жағдайы баланың толыққанды білім алуына кедергі болмауы керек дейді
партияластар. Оқушыларға мектеп формасы, сөмке, кеңсе және оқу құралдары,
спорттық киім мен аяқкиім, басқа да керек-жарағы берілді. Акция, ең алдымен,
ерекше білім беру қажеттіліктері бар, мүгедектігі бар, жетім және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасылардың балаларына бағытталған. Акцияға
партия мүшелерімен қатар кәсіпкерлер, меценаттар, қайырымдылық ұйымдарының
өкілдері, еріктілер, басқа да ниет білдірген азаматтар қатысты.
Бауыржан Бектұрған, «Әділет»
партиясы облыстық филиалынеың төрағасы:
Облыс бойынша аудандарда 200-ден астам бала қамтылды, одан бөлек қалада кешеден бастап шаралар өткізіп жатырмыз. 115 балаға қолдау көрсеттік. Осы біздің акциямыз жыл сайын бола береді.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17